dikiy-donald.ru

Геморой аурулары еми
 
 
      В начало Новости Геморрой О сайте      
 
 
 
Навигация
  • Гипертония
  • Терапия
  • ЛФК
  • Радикулит
  • Сколеоз
  • Флеболог
  • Мануальная терапия
  • Омоложение
  •  

    Новое:
    04.10.2015 Здорово жить кишечная палочка

    06.10.2015 Из за чего могут быть расширены внутренние ярёмные вены

    02.10.2015 Головокружение, боли внизу живота во время овуляции

     

    Ссылки по теме
    Заделка мастер флэшем проход через кровлю
    Когда плохо видят в даль,это какое зрение?
    Как изличить грыжу позвоночника
    Набор для маникюра и педикюра в минске
     

     
    Геморой аурулары еми
         
         
     

    Ана мен бала сайты anamenbala. Kz

    «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады.
    Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді.   Сіз, өзінізді қай топқа жатқызасыз? Әрине, паразиттер жоқ тобына. Сізде паразиттер жоқ па? Сіз тексерілдіңіз бе? Нәжісіңізде де жоқ па? Ал көптеген паразиттер қиға жұмыртқаларын салмайды. Сіздің айналаңызда иттер мен мысықтар жоқ па? Және ешқашан болған емес пе? Сіздің балаларыңыз қандай да бір мысық «қажеттілігін атқарған» құм салғышта ойнамай ма?
    Тексерілу тасілінің 3 түрі бар:
    1)кал арқылы. 8% анық. Сіздің ағзаңызда паразиттер болса да, ол таза болып шығуы мүмкін. Себебі, олар жұмыртқа шашпаса анализде анықталмайды.
    2)ИФА( қан арқылы ) 50-55% анық. Бірақ, бұл анықтау түрінде сіздің ағзаңызда паразиттер болса да, таза болып шығуы иқтимал. Өйткені асқынған дәрежеге өтпей, ол таза болып көрінеді. Асқынған түрге өткенде ғана, қандай паразит түрі екенін анықтауға болады.
    3)Вегативтік резонансты диагностика. Ол соңғы жылдардағы дамыған тексеру әдісі. 95-100% анық. Дәл осы тексеру әдісін су-джок дәрігер Гүлайм Асқарова қолданады.
    -Толық диагнозды анықтап болған соң, ішек-құрттарын аппаратпен тез арада түсіруге болады,- дейди дәрігер Гүлайм Ерматқызы. Дәрігердің айтуы бойынша:  -Егерде ішек-құрттарынан емделмеген жағдайда,тері аурулары: псориаз, витилиго, алергиялық дерматит, экзема, угри ж/е т.б секілді тері аурулары пайда болады. Адамның шаштары-тырнақтары түсіп, көзінің көруі нашарлайды. Құрттар сонымен қатар, ағзаға “амиак” деген өте улы заттарды бөлгендіктен, өт коюланып, бауырдың жұмысы нашарлайды. Ол УЗИ нәтижесінде “бауырдын диффузды өзгеруі” деп кішкентай балдарда да анықталады. Буның бірінші себебі тағы да, құрттар екенін умытпағанымыз жөн.
    Келушілер ішек-құрттарынан басқа да түрлі аурулар: аллергия, тері аурулары, беттегі әртүрлі дақтар, асқазан-ішек, бауыр-өт, простатит, еркектердің алсіздігі, қант диабеті, аяқ-қолдың қақсауы, ревматизм, полиартрит, радикулит ж/е т.б ем ала алады.
    Дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу керек. Себебі, мынандай экология, дұрыс тамақтану, салауатты өмір сүру салтын сақтаушылар аздығы, дәрігердің қабылдауында зардап шегушілер мен тексерушілер көптігі.
    Толық ақпаратты мына телофондар арқылы ала-аласыздар: 8-705-849-95-49.  8-701-685-20-21.

    This entry was posted on Сәуір 22, 2015, in Халықтық медицина and tagged ішек құрттары, ішек құрты.

    Шілде айы басталмас бұрын6 оңтүстікте жылан саудасы қызады. Әсіресе ең ыстық аудан саналатын Сарыағаш өңіріне еті ем болатын сары жылан сатып алушылар қаптайды. Сарыағаштан Шымкентке шығар жол бойында ыдысқа (баклашкаға) салынған сары жыландарды 1,5-2000 мың теңгеге саудалайды. Тіпті, оны табыс көзіне айналдырып алғандар да баршылық. Ен даланы кезіп жүріп, сары жыланды қуалап ұстап алып, теңге табады. Өлі жыланды алмайды, әрине. Сол үшін ұстап алған соң, тез арада саудасын келістіріп сатып жібергенді құп көреді. Расында бүгінде ел арасында сары жыланның сорпасын қайнатып ішіп, ауруынан айыққандар жөнінде көп айтылады. Медицинаның өзінде де жыланның еті мен сорпасы өте пайдалы екені дәлелденген. Алайда жыланның қай түрі ем екенін, қалай дайындау тәсілін білмей дертіне дерт жамап алып жатқандары да жоқ емес. Халықтық еммен айналысатын Амалбек Серқұловтың айтуынша, жылан сорпасы ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді, қанды сұйылтатын қасиеті бар екен. Тіпті, алғашқы кезеңдегі рак ауруын емдеуге де болады екен. Жылан аулаушылар оның бағасының жария болғанын қалай бермейді. Мәселен, мал сияқты олардың да бағасы әр түрлі. Семізі, арығы бар, жазда жер бетіне шыққаны арзанырақ, қыста қымбаттырақ болатын көрінеді. Халық емшілері, негізінен, емге көбіне майы мол семіз жыланды пайдаланады. Оны көп ретте «көлбар жылан», «сары жылан» деп те атайды. Сондай-ақ, әр түрлі аурулар¬ға шұбар жылан мен қарашұбар жыланды да пайдалануға болады. Негізінен, жыланды шілде шықпай пайдалануға болмайды деседі. Өйткені жыландардың басым бөлігі күн қатты ысығанша жердің астында жатады. Сол кезде оның дене¬сін¬дегі өткен жылғы жинаған майы таусылады. Сөйтіп сыртқа әбден азып, ашығып шығады. Ал енді кей¬біреулері майы толық таусылмастан шығады. Ішінде ескі майы қалып қойған жыланның етін жегендер дертіне дерт қосып алуы әбден мүмкін.
    Жер бетіне шыққан жылан тез семіреді. Шілденің аптап ыстығында оның дене¬сін¬дегі май күн энергиясын қабылдап, емдік күшіне мінеді. Жыланның етінен сорпа қайнатып іш¬кенде адам өзін жеңіл сезінеді. Бетке шығатын бөртпе, безеу¬лерден бірден айығады. Жазылуы қиын жаралар демде жоқ болады. Ескі аңыздарға құлақ түрсек, аты жаман аурумен ауырған адамдар жылан жұтып, содан құлан таза айығып кетіпті деседі. Бүгінгімен салыстырып көрсек, медицинаның өзі дәрменсіз болып отырған ракты жыланның етімен емдеудің растығына көз жеткізгендей боламыз. Амалбек Серқұлов: «Әбден өтіп кеткен үшінші-төртінші кезеңдегі ракты жазу, әрине, мүмкін емес. Енді басталған бірінші кезеңдегі ракты жыланның сорпасымен емдеуге болады»,– дейді. Жыландардың ішіндегі ең шипалысы майжылан деседі. Жыланның бұл түрі бірнеше ай бойы жер астында тек қана шөптердің тамырын сорады екен. Шөптердің уыты бойына жиналған ол 40 күн шілдеде күн¬ге қыздырынып, бабына келеді. Оның сор¬пасы барлық ауруға ем. Емдік сорпаны ішкен соң үш күнге дейін қайнатылмаған су ішпеу керек. Пайдалы жағымен қоса, есте мықтап ұстайтын жағы да бар. Созылмалы бүйрек ауруымен ауыратындарға жылан сор¬пасын ішуге болмайды. Өйткені жыланның күшті майына әлсіз бүй¬рек шыдамайды. Әрине даладан ұстап алған жыланның бәрі пайдалы екен деп соғым сойғандай талғаусыз жей беруге болмайды. Ең әуелі дәрігермен, халық емшілерімен кеңескен жөн.

    Жаннұр ЖҰМАШ

    This entry was posted on Шілде 9, 2014, in Халықтық медицина, жылан сорпасы and tagged жылан сорпасы, жыланның еті.

    Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізге көрегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шоптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынын құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп білуге адамды өмірдің өзі жетектейді. Оның алғашқы аптекасы орман мен дала болды.

    Біздің Қазахстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: адыраспан , арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам аруларына тиімді пайдалану кажет.

    Солардың көп пайдаланылатыны жолжелкен. Алматы облысының барлық жерлерінде өседі . оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген заттар бар. Дәрі мақсатында жолжелкеннің жапырақтары, сабақтары, ұрығы және тамырлары пайдаланылады. Жапырақтарын маусым-шілде айларында жинайды. Жапырақтарды көленкелі ашық ауада, желдеткіші бар үйде жайып кпептіреді.

    Пайдалану жолдары:
    1. Жуылған жас жапырагын жараға, іріңді ісікке, шиқанға, сомға сорғыш дәрі ретінде жапсырады.
    2. Жапырақтан сығылып алынған шырынды жәндіктер шыққан жерге және ірінді жараға жағады.
    3. Жолжелкен тамырын іштен қан өткенде,қан қақарғанда қайнатылған күйінде ал ұрығын дизентерия болғанда, іш өту кезінде тиімді. Екі ас қасық тұқымды (10г) жарты стақан қайнап тұрған суға (100 мг-жуық) салып , шайқап суытып қояды. Суығаннан кейән әлгі тұқымымен бірге бірақ ішеді.
    4. Қытай халық медицинасында қан тоқтататын және несен жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.
    5. Ұрығынан жасалған қайнатындыны көз ауырғанда сыртына жағады.
    6. Ұрығын қант диабетіне, жотелге, осндай-ақ еректер мен әйелдердің бедеулілігіне ішуге ұсынылады.
    7. Жолжелкен шырыны түберклез, қатерлі ісікті емдеуге айтарлықтай нәтиже береді. Бір ас қасық жапырақты бір стақан қайнап тұрған суга салып 15 мин қояды да, сүзіп, тұндырмасын күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді.

    Күшала – көп жылыдқ өсімдік. Шамамен биіктігі -20-40 сантиметр, жапраққтарының ұзындығы 10 сантиметр, ені 1-5-3 сантиметтр боп келеді.

    Жапырақтары сабағынан ұзын, төменгі жағы үшкірлеу , кейде бұтақ сабы келемшемен қосылады.

    Түтікші өзегі 7-13 см, ені 3-6 см дейін жетеді. Гүлденгенде оның гүл қауашағының ішкі жағы назарыңызды еріксіз аударып, күлгін көк барқыттай құлпырады.

    Күшаланы халық арасында – қара пышақ деп те атайды. Себебі гүлденген кезде гүл қауашығы ішінен жіңішке қосымша собық, үшкір күлгін-көк түсті 5-9 см тік өзек ( пышақ, қарындаш тәрізді) шығады. Өсіп келе жатқан собықтың жағымсыз иісі болады. Күшаланның тамыры грек жаңғағының мөлшенріндей дөнгелек келеді, жан-жағынан жіңішке тамырлар өседі.

    Бұл өсімдіктің өріс алған жері Орта Азия, оның ішінде Жамбыл мен Шымкент облыстары. Әсересе, қаратау жотасында және күн батыстаТянь-Шаньда көп. Қазақстан көлемінде күшаланың екі-ақ түрі өседі. Регел және леман эминиумдары. Көктемнің көкек , ма мыр айларында аталған таудың етегінен гүлдеген күшаланы кездестіруге болады.

    Күшаланың тұқымдары кемеліне жеткен уақытында гүл қауашағының төменгі жағындағы ақ қабыққа тұқымдары домалақ, болмаса сопақша болып бірнеше түйіндер (2-3) біріне-бір жабысып тұрады. Әбден піскен шағында тұқымның түсі қонырқай тартады.
    Ғалымдардың зерттеуі бойынша өсімдік жас уақытында түгел (жапырағы, гүлі, тамыры) улы болады. Аңшылар қүшала тұқымдарын етпен араластырып қасқыр, түлкілерді аулау үшін қолданған. Күшаланың жапырақтарын жеген қойлар уланады, ал тасбақаларға бұл жапырақтар әсер етпейді деген пікір бар. Құмтышқандар (песчанки) көктемде күшала тамырын іздеп қазып жейді екен.

    Реген эминиумі – көктемде гүлдейтін өсімдік, ол ерте гүлдеп, жапырақтары аз уақытқа қурап, желмен ұшып кетеді. Халық күшала гүлдеген кезде оның жанына қазық қағып белгілеп қояды да қазан айырларында тамырын қазып алып, оны жауып тізіп көлеңкеде кептіреді. Сөйтіп, емге қолданады.

    Өкінішке орай, медицина бұл емдік қасиеті өте күшті, сирек кездесетін шөп әлі күнге дейін қолданылмай келеді. Ал халық емшілері күшаланы өкпе ацрцларына және бел омыртқа сыздап, буындар сырқырағанда қолданады (ревматизм, падагра, бруцеллез, артрит, т.с.с.). Өкпе туберкулезін емдегенде күшаланы қымызға салып ерітіп, бір кесе тұнбасын күніне 2 рет (күн шығарда және күн батарда) ішетін. Ал омыртқа мен буын ауырғанда дәрілік шөптің тұнбасын теріге абден сінгенше сылап жаққан. Одан кейін науқас адамды жылы орап тастаған. Бұл шөп өте ұлы болғандықтан, оны аса ұқыптылықпен пайдаланып отырған.

    Мен өзім сырқат жандарды емдегенде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланумен қатар, дәрілік шөптерді де сырқаттың түріне қарай пайдаланамын. Оның ауруға әсер етуі жоғары екеніне өзім сенемін. Сондықтан, кейде халық емшілерінің дәрілік шөптермен жұмыс істегені артық болмайды.

    Мәлімет көзі

    This entry was posted on Шілде 9, 2014, in Емдік өсімдіктер, Халықтық медицина, қазақ медицинасы and tagged буын аурулары, күшәлә, өкпе.

    Оның халық медицинасындағы тәсілдері

    Ұшық. Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай бо- лып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағ-дайлардан болады деп санайды.Ұшық жұқпалы. Сол кезде «симплекс ұшығы» деген вирус аузыңызға кіріп кетіп, ұшық жұқтырасыз. Ұшықты емдеу, алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:1.Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз.2. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады.3. Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың  2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады.4. Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз.

    5. Ұшық көбінесе стрестік жағдайлардың салдары болғандықтан, жақсы демалып, бұлшық етті бос ұстаңыз. 6. Ұшықты жазу үшін алоэның сөлін сығып алып, оны шай қасықпен күніне 2-3 рет ішіп отырады. Және де терек ағашының сөлімен ұшық шыққан жерді күніне 2-3 рет сүртеді.

    Сүйел. Тері қабатына шығатын қабыну – сүйел. Оны емдеудің жолдары көп.

    1. Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырады. Матаға жағып, сүйелге таңып байлайды. Және күнде ауыстырып тұрады.

    2. Сіркесуда пиязды 2 сағат ұстайды. Кейін пиязды алып, түнге қарай сүйелге таңып, байлайды. Қатты тартады, шыдауыңыз қажет. Осылай бірнеше рет жасаса, сүйел тамырымен қопарылып шығады.

    3. Сүйелге ешқандай қоспасы жоқ борды себеді де, байлап тастайды. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ ылғалды суды жолатпау керек.

    4. Күнде сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жағады. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді. 5. Сүйелге шикі кар-топтың шырынын жағады. Крахмалдың әсерінен құр-ғап, кешікпей жойылады.

    Секпіл. Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді. Бірақ бұрынғылары кеткенмен, орнына қайтадан жаңалары шықпасына кепілдік жоқ. Сондықтан ең дұрысы – сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінше сақтанып жүру. Күн ысыған маусымдарда Е,С дәрумендерін ішу де секпілден сақтануға көмектеседі.

    Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, айнаға қарап, секпілдің байқалмайтынын көруге болады.

    Ешкі қотыр Ол – жұқпалы ауру. Жатын орын, киім-кешек пен ыдыс-аяқтан жұғады. Ешкі қотырды анықтап қараған адам тері астында болар-болмас қара сызықтың тартылып жатқанын аңғарады. Сызықтың ұшында қызарған бөртік байқалады. Ол суланып тұрады және қатты қышиды. Қасыған кезде қотырдың көлемі ұлғая түседі. Ол көбейіп кетсе, іріңді жараға айналуы мүмкін. Халық емі бойыншв ешкі қотырға мынандай емдер қолданылады:

    1. 100 грамм ешкі майын отқа қыздырып, үстіне 40 грамм күкірт ұнтағын салып, араластырып қояды. 3 күн қатарынан жағып, төртінші күні киім-кешекті қайнатып жуып, тазалайды.

    2. Алакүлік деген қоңызды ұстап алып, оны ыстық суға салып өлтіріп, кептіріп, оншақты данасын ұнтақтап, 1,5 – грамм күкірт қосып, күнжіт майымен араластырып қотырға жағады.

    Түтін, дәрі, газбен улану Улы газбен уланған адамды әуелі таза ауаға алып шығады да шалқасынан жатқызады, көйлегінің түй- мелерін ағытады. Дәріха- надан оттегі көпшігін тездетіп әкеліп, онымен ұзақ дем береді. Зардап шегушінің басына, кеудесіне мұздай компресс басады. Адам есінен танбаса, ыстық шайды немесе кофені көбірек ішкізеді. Уланған адамның денесін уқаласа, мұрнына мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетеді. Оны мұрынға тигізіп алмау керек. Олай жасаса, мұрынның күйіп қалуы мүмкін.

    Ауылшаруашылық дәрі-лерден уланғанда: қызыл мия 120 гр. тальк 15 грамдай қосып қайнатады, сал-қындағаннан кейін күніне 3 рет ішеді.

    Қорғасыннан улануға: қызыл мия 9 г., өрік дәні 12 г суға қайнатып, күніне 2 реттен 3-5 күн ішеді.

    Зардап шегуші дем алмаса, тынысы әлсіз болса, жасанды тыныс алдырады. Қажет болса, жүрегіне массаж жасайды. Жалпы, қандай жағдайда да «Жедел жәрдемді» тезірек шақырту қажет. Зардап шегушіні ауруханаға көлікпен апарғанда бүйірінен жат-қызады. Улы газбен уланудан өкпе мен жүйке жүйесі тарапынан болатын ауыр асқынулардың бірнеше тәуліктен кейін де байқалуы мүмкін.

    Іш қат.у Одан арылу үшін мынандай халық емін жасаған жөн:
    1. Бұрыш, жалбыз (мята перечная), андыз (девясил), қара жеміс (жестер) шөптерінен бір ас қасықтан алып, оған қалақай шөбі мен тасшүйгін шөбінің тамырын ұнтақтап қосып (2 ас қасық), 1 литр суға 10-15 минут қайнатады. Бір күн тұрғызған соң науқасқа күніне 3 рет 30 грамнан береді.

    2. Екінші шипашақ: мыңжапырақ (тысячелистник), апис, қаражеміс жемістерінен 2 ас қасықтап алып, жақсылап ұнтақтап, араластырады, оны жарты литр суға салып, шай тәріз- дес демдейді. Осы қоспаны науқасқа 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 30 грамнан ішкізеді. Егер бұл шөптер үйіңізде болмаса, оларды дәріханалардан не базардан дәрілік шөптер сататын адамдардан алуы-ңызға болады.

    Сальмонеллез. Оның бактериялары тамақ арқылы жұғады. Сальмонелезден сақтану шарттары мынандай:

    Қатып тұрған шикі етті жылы суға салып жібітуге болмайды. Өйткені, ондайда сальмонеллездің көбеюі қарқынды жүреді.
    Піспеген етті дайын тамақпен қатар қоюға болмайды.
    Мынандай ережелер де қатаң сақталуға тиісті:
    Ет, балық, жұмыртқа сатып алынған кезде әрқайсын жеке полиэтилен қалтаға салады.

    Тоңазытқышта шикі етке, балыққа арналған арнайы ыдыстың болуы қажет; Шикі етпен піскен етті арнайы бөлек тақтайлар- да, бөлек пышақтармен турайды;

    Дайын тағам өнімдерін (ет және ет өнімдерінен жасалған) қолданар алдында жылумен қыздырып, өңдейді;
    Кремі бар кондитер- лік өнімдерді, салаттар- ды тәуліктен артық сақта-майды;
    Азық-түліктің жарам-дылық мерзімін қарап, анық- тап алғаннан кейін ғана сатып алып тұтынады;

    Жеке саудагерлерден бәліш, самса, шұжық, мәнті алмайды; Ауырып қалған жағдай- да міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс. Үйде тамақ-тан сальмонеллез ауруымен бір адам сырқаттанып қалса, оны басқалардан бөлектейді, оңашалайды. Ас ішетін ыдысы да бөлек бо-луға тиіс. Үйді күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп тұрады. Өйткені, сальмонеллез бактерияларының үй- де ұзақ сақталуы мүмкін. Емдеу ерте басталса, ол созылмалы түрге ұласпайды.

    Буын ауруы. Буын ауруынан аяғын баса алмай, құшағын аша алмай қалатындар көп. Халық емінде сыздаған буынды, қақсаған сүйекті мынандай қоспамен емдеп жазады:

    1 ас қасық құрғақ қышаға (горчица) 1 ас қасық күнбағыс майын, 1 ас қасық бал қосып, бәрін араластырады, үстіне бір тектес соқтаға (масса) айналдыратындай мөлшерде су құяды. Осы қоспаны қозғалтпай сыздаған буын, сырқыраған сүйекке жағады.

    Буынға тұз тұнғанда, ревматизмге шалдыққанда, қант диабетінде жақсы ем – шиеден жасалған дәрі. Оны жасау үшін шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтау қажет. Осы ұнтақтың 200 грамын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырады. Сосын оны сүзіп, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады.

    Сыздауық(шиқан). Оны кей жерлерде шиқан деп те атайды. Сыздауық асқынып кетсе, көпке созылады. Әсіресе, бетке, мой ынға шыққанда өте қауіпті. Өйткені, қан тамырлары арқылы аурудың уыты миға шауып кетуі мүмкін. Сыздауық суықтың әсерінен, майлы без бен ткані-нің қабынуынан және киім қажағанда, не терінің бір нәрсе сызып кеткен жерін ауру қоздырғыш (стафилококк) микробы енуінен болады. Сыздауықтың жалғасып бірнешеу болып шыққан түрін фурункулез дейді.

    Сыздауықты қолмен сығу, инемен, түйреуішпен шұқу мүлде қате. Оның жарылып, ішіндегі соқтасымен қанды іріңнің шығуына тек дәрігерлік емді ғана пайдаланған жөн. Адам дұрыс тамақтанып, дене, төсекорын тазалығын сақтаса, спортпен айналысса, сыздауықтан аулақ болады.

    Шиқанның бірден-бір емі – пияз. Пиязды екіге бөле-ді де, бір жартысын таба-ға күйдірмей қыздырады, былқылдап босаса жеткілікті. Ыстық күйінде шиқанның аузына тартып, таңып тастайды. Пиязды 4 сағат сай- ын жаңалайды. Көп кешікпей шиқан жарылып, жазылады.

    Тарамыстың, сіңірдің тартылуы. Балтырдың тарамысы тартылса, башпайыңыздан ұстап табанды сілке кілт тартыңыз да, ауырғанына қарамастан сол күйінде біраз ұстап тұрыңыз. Онымен қоса бір мезгілде тартылған жерді сылау керек. Үш-бес минуттан кейн тырысқаны жазылады. Сонан соң балтырға жылытқыш (грелка) басып, көрпемен қымтап тастаңыз.

    Аяқтың сіңірінің тартылуына жасалатын ем: Таңертең және кешке табаныңызға жаңа лимон-ның шырынын жағыңыз. Кептіріңіз. Ем-домды осы- лайша екі апта бойы қа- былдасаңыз айығып ке- тесіз.

    Цистит. Аяқтан қатты суық тигенде қуықтың қабынып ауруын медицина тілінде – цистит дейді. Оған қарапайым ас тұзының шипасы мол. Оны былай пайдаланады:
    1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.

    Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет.

    Сарысу (ревматизм) Оның бірнеше түрлі емі бар. Олардың көп тарағаны мынандай:
    1. 200 гр. тұз, 100 г. құрғақ қышаға (горчи- ца) 300 гр. керосин (та-зартылған) құйып, балшық сияқты жентек дайындайды. Жатарда ауыратын жерге сіңіріп жағады.

    2. 100 гр. араққа 2 сауын (флакончик) валериа-на тұнбасын араластырып, кейін 2 ащы бұрыштың қабығын қосады. Қоспаны 32 сағат тұндырып қойып, ауырған жерге жақса, оның қақсағаны қояды.

    Баспа (ангина). Баспасы бар адам сәл суық су ішсе болғаны, келесі күні тамағы жұтындырмай, ауырып шыға келеді. Баспаны емдеу үшін сізге қарапайым йод керек. Сосын шанышқының сабына зарарсыздандырылған мақтаны (оның үстінен жіппен орау қажет) орайды. Мақтаны йодқа батырып, онымен бадамша бездерін (гланда) бір рет басады. Осыдан кейін баспамен ауырмайтын болады.
    Баспамен ауырған адам салқынға шықпай, жылы үйде жатады, сұйық та-мақты көбірек ішеді. Та-маққа, мойынға компресс жасайды. Ауызды әлсін-әлсін ас содасы ерітіндісімен, не бір стақан суға бір шай қасықтай қосылған бор қышқылы қоспасымен шаяды. Бас ауру, дене қызуы күшейсе дәрі ішеді.

    Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жуып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын 600 грамм суға салып, 15-20 минут баяу отта қайнатады. 40 минут сал-қындатып аш қарынға таңертең және жатар алдында тамақты шаяды.

    2 дана алмұртты 300 г сүтке салып, 30 минут баяу отта қайнатып ішсе де ем болады.

    This entry was posted on Шілде 9, 2014, in Емдік өсімдіктер, Халықтық медицина, буын аурулары, жеміс жидектер and tagged буын аурулары.

    Күрең от(Иван чай)

    иван чайБұл өсімдіктің құрамында  ағзамызға тез сіңіп оның  қуатын арттыруға себебі бар табиғи ақуыз бар. Ең кереметі, адам ағзасын уландыруға бейім кофеин және түрлі басқа қышқылдар мен сілтілерден тазалығы болып табылады.

    Бұл өсімдіктің көмегімен (өзі көпжылдық өсімдік)  бас сақинасын(жүйке ауруы, мұнда бас ауырып, жүрек айниды) және аурудың басқа да түрлерін емдеуге болады.

    • Тынышталдырығыштық қасиеті бар, түрлі күйзелістерден шығуға әсері жақсы. Ұйқыны тыныштандырады.
    • Ішек және асқасзан ауруларына : гастрит, азқазан жарасы, тоқішектің қабынуына, энтероколита, іштің кебуіне.
    • Бұл өсімдіктен даярланған шәй асқазандағы сілекей қабықшаларды реттеп зат алмасу жүйесін күшейтеді, өңештің, қарынның және ішектің жиырылуын түйілуін жазады.
    • Сондай ақ  өсімдіктен жасалған шай ауыз қусының кеселдерін емдеп, тісжегі және қанжел немесе қызыл иектің қабынуын болдырмауға бірден бір сеп.
    • Қабынуға қарсы қасиеттеріне байланысты шөпті несеп пен жыныс мүшелерінің және тыныс алу жүйелерінің түрлі кеселдеріне қарсы қоолдануға болады. Халықтық медицинада аденома мен простата және простатитке жиі қолданылып жүр.
    • Шөптен жасалған шайдың пайдасы мен зияны халыққа ежелден аян. Обырды емдеуге де қолданыалды.
    • Сусын дене қызуын басып, қалтырап-дірілдеуді тоқтатады. Тыныс алу жолдарын жақсы емдейді.
    • Өсімдіктен жасалған сусын қанның аздығына жақсы ем. Құрамында С дәрумені және да басқа көптеген ағзамызға пайдалы минаралдары бар.
    • Шөптің ағзамызды тазалауға пайдасы айтарлықтай. Түрлі қақтар мен токсиндер, радионуклидтер сол сияқты басқа да ауыр металдардың қоспасынан арылуға үлкен мүмкіншілік жасайды.
    • Шөптен жасалған тұнба ағзаның ішімдіктен уланған кезінде пайдасы жақсы. Сол сияқты ішімдікке деген құмарлықты азайтатын қасиеті бар.
    • Шөп қайнатпасымен іріңді жараларды тазалап және түрлі тері ауруларын емдеуге болады.

    Көптеген емдік өсімдіктердің арасында бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің ағзаға тигізер зияны жоқтың қасы. 

    Өзінің тарихы да қызық. Орыс халқы арасында бұл шайды – “Напиток богов” деп атап кеткен екен…

    This entry was posted on Қараша 25, 2013, in Емдік өсімдіктер, Халықтық медицина.
    Балшық ем

    Балшық ем

     Балшықтың тарихы өте қызық. Ол дүние жаратылысы туралы аңыздан басталатын шығар. Бірінші аңыз адамның пайда болуына қатысты, өйткені бірінші адам – Адам атаны Жаратушы балшықтан жасап, сосын барып оған жан кіргізді ғой.

       Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылды. Тіпті бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған. Одан кейін сол тақтайшаларды күнге кептіріп сақтайтын болған.

      Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Бұл бояу қыш (керамика) бояуы деп аталған. Бірақ балшық бояу бұдан ертеде, алғашқы дәуір тайпаларында жасалған болатын. Олар дұшпандарын қорқыту үшін және кейбір ғұрыптарды атқару үшін денелерін түрлі-түсті балшықтармен бояп алатын болған. Осы күнге дейін балшық бояулардың негізі ретінде пайдаланылады және әзірге оны алмастыратын материал табылған жоқ.

    Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.

    Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған.

    Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Емшілер қандай кірпішті қолдануды, қандай дұға оқуды жақсы білген. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған.

    Солтүстікте балшықты өздерінше пайдаланған. Чукчалар мен коряктар ақ балшықты тамаққа пайдаланған және оны жер май деп атаған. Бұл «майды» сорпаға қосып, «кәмпит» жасау үшін де қолданған. Сүт құйылған ыдысқа бір қасық балшықты салып қойса, сүт тіпті ыстық күнде де бірнеше күн ашымай тұратын болған.

    Ал мысырлықтар балшықты мәйітті бальзамдау үшін пайдаланған. Олар сол кездің өзінде-ақ балшықтың күшті антибактериалық қасиеті бар екенін білген, өйткені балшықтың құрамында радий болады, ол біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады.

    Орта ғасырларда балшықтың кішкене кесегін сусындарға тастап, оларды стерилдеу үшін қолданған. Індет ауру кезінде балшық бактерия жойғыш құрал ретінде жүрген. Түрмелерде, әскери бөлімдерде және басқа қоғамдық мекемелерде балшық ұнтағы үнемі болған, оны қандай да бір жұқпалы аурудың пайда болуы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден қабылдай бастаған. Ал кемелерде балшықты ағзадағы жетіспейтін заттардың орынын толтыратын витамин ретінде қабылдаған.

    Денені бұлай тазарту балшықпен жұмсақ материал ретінде жұмыс істеу барысында жүзеге асырылған. Өнер жан үшін ең үздік ем. Сондықтан да балшықпен емдеу барған сайын кең тарап бара жатыр.

    БАЛШЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

    Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұржәне қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.

    Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жасыл балшықта  – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.

    Сары балшық  – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.

    Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.

    Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.

    Қызыл балшық  – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық  – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшықболып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.

    Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.

    БАЛШЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

    Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.

    Балшықтың басты емдік қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады.

    Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Бұл радиоактивті элементтің үлкен күшке ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус және микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады.

    Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады.  Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Емдік құрал ретінде балшықтың өзін де, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады.

    Ішуге арналған балшық ерітіндісін дайындау. Балшық ерітіндісін дайындау қиын емес. Бір стакан су мен бір ас қасық балшық алып, балшықты суға сеуіп, ағаш қасықпен араластыру керек. Қасық металл емес, ағаш болуы керек. Өйткені метал емдік балшықтың құрылымы мен оның емдік қасиеттерін бұзады. Ерітінді дайын, енді оны ішуге болады. Қабылданатын сұйықтықтың мөлшері әр адам үшін жеке анықталуы керек.

    Сұйықтықты ішіп болғаннан кейін, түбіндегі шөгіндіні төгіп тастау керек, оның ем үшін қажеті жоқ. Ерітіндіні қабылдап бастағаннан кейін шамамен бір апта өткесін, ағзаңыздан қалдықтардың шығып жатқанын өзіңіз де байқайсыз. Бұл бүйректегі және зәр шығару қабындағы еріп, сыртқа шығып жатқан тастар.

    Балшықты сыртқа пайдалану. Құрғақ балшықты ұнтап, бөтен қоспалардан тазарту керек, сосын аузы кең ағаш немесе қыш ыдысқа саласыз. Сұйықтық негізгі массадан екі сантиметрге асып тұратындай етіп, су құю керек. Енді балшықты біраз уақытқа қоя тұрыңыз, бұл оның суды сіңіруі үшін қажет. Бұл процесті балшықты үнемі араластыра отырып, ішіндегі қатты түйіршіктерді езу арқылы жеделдетуге болады. Масса біркелкі болып, ақпайтын болған кезде, оны теріге жағу үшін пайдалан беруге болады. Егер емнен кейін біраз балшық қалатын болса, оны тастаудың қажеті жоқ. Қыш ыдысқа салып, аздап су құйып қойып қойыңыз, осылай ол біраз уақытқа дейін сақталып тұра береді.

    Таңу үшін балшықты жүн матаға салады, қабаттың қалыңдығы 4 см-дей болуы тиіс. Негіз ретінде жүн матаны алады, себебі ол балшыққа жақсы қосымша бола алады. Таңғыш үшін сапасы жақсы балшықты алып, оны күнге кептіреді, қысты күні оны кез келген жылу көзінің қасына қойып жасауға болады. Жартылай дайындалған балшықты пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол суда дұрыс ерімейді.

    Таңуға дайындаған сұйық балшықты ауырған жерге басу үшін де пайдалануға болады. Оны екі қабат етіп бүктелген кенеп, мақта-мата немесе жүн матаға салып, жайып тегістеу керек. Балшық қабатының көлемі үш сантиметрден артық болуына тырысу керек, және балшық массасы ақпайтындай болсын. Таңар алдында ауырған жерді ылғал дәкемен сүртіп, сосын матаны салып, жылжымайтындай етіп дәкемен байлап тастау керек.

    Бұндай таңғышты ек-үш сағаттай ұстау керек. Бұл уақыт ішінде балшық қалдықтар мен барлық зиянды заттарды сорып үлгіреді. Егер таңғыш кеуіп тартып тұрса немесе ауырған жердің температурасы көтерілсе, таңғыштың кеуіп қалғаны, оны жаңасына ауыстыру керек. Таңғышты алғаннан кейін жарақатты және ауырған жерді шайып жуу керек. Таңғыштармен емдеу курсын бастағаннан кейін оны аяғына дейін жеткізу керек. Яғни толығымен жазылып кеткенше, тағы да біраз ем жүргізу керек. Бұл ауру адамға күш беру үшін керек.

    Таңғыш жасағанда тек суық балшықты ғана пайдалану керек, өйткені ыстық (ысытылған) балшық өзінің емдік қасиеттерін жояды. Таңғышты тәуліктің кез келген мезгілінде салуға болады, тек асқазан мен кеуде тұсына тек тамақтаннан кейін бір сағат өткесін ғана басады.

    Балшық суынан клизма жасау. Асқазан-ішек жолдарының көптеген ауруларын емдеу үшін балшық суынан клизма жасайды. Бұндай клизмалар былайша жасалады: су құйылған шыны ыдысқа төрт ас қасық құрғақ балшық ұнтағын салады да, оны күнге қойып қояды. Жарықта бірнеше сағат ұстағаннан кейін ерітіндіні әбден араластырып, сүзіп, содан кейін суық суымен бірге клизмаға құяды. Үлкен дәретке барған сайын бір стакан таза суға аздаған лимон шырынын немесе кішкене балшық қосып ішу керек. Бұл шараны төрт рет қайталаңыз да, содан кейін үш күн үзіліс жасаңыз. Бұндай емнің жалпы ұзақтығы аурудың жағдайына қарай анықталады.

    Балшықты дайындау және сақтау. Ертеде балшықты шұңқырлардан, қазылған құдықтардан алатын болған. Алып келіп, тегіс жерге қойып, аяқтарымен басып, тастардан тазартатын болған. Одан балшық айналма шығырға салынып, бұйым жасалған. Одан кейін бұйымды пеште қыздырып, түрлі-түсті балшықтардан жасалған бояулармен бояған.

    Қазіргі уақытта балшықты дайындаудың әдісінің бұдан айырмашылығы шамалы. Әрине, құрамына қарай әртүрлі балшықтар қазір сирек кездеседі. Табиғи кен орындарына жақын жерде бірден қыш өндіретін фабрикалар мен зауыттар ашылады.

    Бірақ емге жарайтын балшықты барлық жерлерден: жарылып кеткен жерлерден, бақтардан табуға болады. Кейбір аймақтарда балшық тіпті аяқ астында жатады, жаңбырдан кейін олар адам жүре алмайтын батпаққа айналады. Бұл балшық өте лас, қоспалары көп, бірақ астын үңгіп қазсаңыз, таза біркелкі қабаттарға да жетесіз.

    Болгар емшісі Иван Йотов балшық туралы «бриллианттар жердің астында көміліп жатыр» деген. Балшықтарды көптен дайындап жүрген адамдардың айтуынша, балшық неғұрлым тереңіректен алынса, соғұрлым тазарақ болады. Себебі беткі қабаттар өзіне түрлі атмосфералық, соның ішінде қышқыл шөгінділерді сіңіріп алады. Сапалы балшық тек жұқа және тығыз болады.

    Емдік балшықты дайындаудың өзіндік ережелері бар. Ертеден халық емшілері өзен-көлдердің қасынан балшық алатын болған.

    Балшықты өзбетінше алғаннан кейін, әрине, оны одан әрі пайдалануға дайындау керек. Алдымен балшықты күн көзіне кептіріп алып, сосын ұнтау керек. Сосын оны електен өткізіп, түрлі қоспалардан, тастардан тазарту керек. Балшықтың дайындығы былайша тексеріледі: балшықтың азғантай мөлшерін сумен араластырып, одан шығыршық илейді де оны терезенің алдына кебуге қалдырады. Кепкеннен кейін ол жарылмауы керек. Егер жарықтар болса, ондай балшықты ем үшін қолданбаған дұрыс.

    Дайын балшықты ағаш немесе шыны ыдыста ылғалданбайтын жерде сақтау керек. Балшықты металл ыдысқа салуға мүлдем болмайды. Онда олар уытты элементтерге айналады, тез кеуіп, өзінің тиімділігін жоғалтады. Балшық салынған ыдысты газдалған, лас жерлерден аулақ, көлеңкенің астында аузын ашық ұстаған жөн. Суық түсер алдында балшықты бірнеше сағатқа күнге қойып қояды, бұны балшықты пайдаланар алдында да істеу керек.

    Балшыққа қосу үшін ерітілген суды немесе хлорсыз бұлақ суын пайдаланған жақсы. Егер бұндай суға қол жеткізу мүмкін болмаса, өзіңізде бар суды тазалап дайындап көріңіз. Бұл үшін суды пластик бөтелкелерге құйып, мұздатқыштарға салып қояды. Бөтелкеде жүзіп жүрген мұзды көрісімен-ақ суын құйып алып, мұзды лақтырып тастаңыз, өйткені сол мұзда барлық зиян заттар шоғырланады.

    Ұзақ сақтау үшін көк балшықты дайындау әдісі өзгешерек. Оны тазаламай, бірден аздап ылғалдандырып, жаңғақтың көлеміндей етіп, шар илейді. Шарлар дайын болған кезде оларды жалпақ табаққа салып, күні бойы күн көзінде қалдырады. Кешкісін күн қуатын өзіне сіңірген балшықты ағаш қорапқа салып, құрғақ жерде сақтайды. Ол сізге қажет болған кезде, шарды қаймақтың қоюлығындай етіп жұмсартып, қажетінше пайдаланасыз. Балшық шыланған суды төгіп тастаудың қажеті жоқ, өйткені ол да емдік қасиеттерге ие. Оны шомылар кезде ваннаға құйып немесе жай ғана жуынуға болады.

    Егер сіздің өз бетіңізше балшық дайындау мүмкіндігіңіз болмаса, оны дәріханадан сатып алуға болады. Сондай-ақ ол гүл сататын, косметика сататын дүкендерде де болады. Ондай балшықтар стерилденген, арнайы өңделген, сондықтан оны бірден дайын маска ертінде немесе дәрі дайындау үшін негіз ретінде пайдалана беруге болады. Толығырақ білгіңіз келсе

    This entry was posted on Қыркүйек 15, 2013, in Халықтық медицина, балшық, минералдар and tagged балшық, емдік балшық.
    Гагат

    гагат тасы

    Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Индияда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің сорылған”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.

    Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.

    Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді.

    Асыл тастардың да өңі әртүрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесе алтын түсті, қара т.с.с.).

    Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қалдырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады.

    Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін қауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, “зұлым күштерден“, құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден қорғауда да маңызы зор.

    Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен   энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал.

    Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.

    Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас – араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржантас – бас ауруға қарсы әсер етеді.

    Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия.

    Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Индия храмынан ұрланды.

    Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды. Осы кезде тас салмағы 44,5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Индия гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, “қалқып“ шығады“ – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық милионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың қасіретінен балам өлді деп ажырасып тынады.

    Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан айырылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бұл тасты Америка жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпірдің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттасы Эвелин Маклин де құпия жағдайда өледі.

    Бұл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында қасірет тас екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Индияға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар.

    Асыл тастың киелісінің де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ.

    Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:

    1. Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.

    2. Күміс –  шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.

    3. Мыс –  іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.

    4. Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.

    5. Жақұт – опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.

    6. Замартас (изумруд) – қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.

    7. Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады.

    8. Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі.

    9. Гауһар – күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.

    10. Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған.

    11. Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.

    12. Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады.

    13. Опал – күдікті ойларды қоздырады, ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секем мінез қалыптастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың қатты әсерінен сақтай алады.

    14. Аметист – маскүнемдіктен қорғайды, адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметистпен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады.

    15. Агат – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңбетіп, есту қабілетіңді жақсартады.

    16. Яшма – суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрінбейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды.

    17. Гагат – бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді.

    18. Айтас (лунный камень) – қояншық ауруы мен бүйрек шаншығанын емдейтін болған.

    19. Кровавик (гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген.

    20. Жадейт – әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған.

    Асыл тастардың емдік қасиеттерімен қатар олардың да ішінде опал сияқты өте қауіпті түрлерінің барын да таныстырдық. Бір денсаулық үшін дәрі ішіп бекер денені улағанша құдай сыйлаған табиғаттың неше алуан шипалық тасы ма, металы мен металоиды ма әйтеуір бәрінің сырын біліп пайдалансақ, ешкімге жалынышты болмасымыз анық. Бүгінде ел кезіп, халықтың қалтасын алдап-арбап қағып жүрген “емшісымақтарға“ қарап жаутаңдағанша, сан түрлі шипа көздерін өздеріңіз танысаңыздар, бұл сіздердің жабылған бұлақтарыңыздың көзінің ашылғаны дей беріңіз.

    Халықтың өзін-өзі емдеудің бірте-бірте бастау алып, түбі өркендеп кететініне сенуге болады.

    Түпнұсқасы

    This entry was posted on Қыркүйек 15, 2013, in Халықтық медицина, асыл тастар and tagged асыл тастар, асыл тастардың емдік қасиеттері, Өтейбойдақ.

    Источник: https://halykemi.wordpress.com/

     
         

     
     
     
     
         
      © 2014 dikiy-donald.ru - Геморой аурулары еми